Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Мақал-мәтелдер (11)

Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді.

Ілмектер: сан туралы мақал, арық

Алты бала таппай ана аталмайды,
Бес бала таппай белгілі әйел болмайды.

Ілмектер: ана, бала, әйел, сан туралы мақал

Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.

Ілмектер: ұрыс, қырсық, сан туралы мақал

Жеті атасын білмеген ұл жетесіз.

Ілмектер: ата, ұл, жеті, сан туралы мақал

Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.

Ілмектер: аштық, ақыл, сан туралы мақал

Семіздің аяғы сегіз.

Ілмектер: аяқ, семіздік, сандық мақал, сан туралы мақал

Алпыстағы атаңды жыққанша,
Алтыдағы атанды жық.

Ілмектер: ата, сан туралы мақал

Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз.

Ілмектер: сандық мақал, сан туралы мақал

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

Ілмектер: сан туралы мақал, сан, тұлпар

Жеті атасын білген ұл
Жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл
Құлағы мен жағын жер.

Ілмектер: жеті, ата, ұл, сан туралы мақал

Он екі айда он үш той.

Ілмектер: той, сан туралы мақал